907Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру, оның ішінде жастарға қатысты бағыттарының орындалуын талқылау және «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымының жұмысын студенттерге таныстыру мақсатында кездесу өтті.
Шараға «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Қазиханұлы Баймұрза, колледж директоры Көктем Ақарысұлы және “тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру”бөлімінің меңгерушісі Айжан Адамбаева қатысты.
Кездесу барысында Әсетхан Қазиханұлы ұйымның мақсаты және жобаларымен таныстырды. Студент жастармен пікір алмасып, оларды оқумен қатар қоғамдық ортада белсенді болуға шақырды.
Сонымен қатар, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі студенттері арасынан «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымының бөлімше жетекшісін сайлау туралы ұсынысын білдірді.